https://www.instagram.com/p/Ddq9HW4tsmj/
🎗️ ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР: НЕНІ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?
Гинекологиялық онкологиялық аурулар — әйелдердің репродуктивті жүйесі мүшелерінде пайда болатын қатерлі ісіктер.
Оларға мыналар жатады:
🔹 Жатыр мойны обыры — көп жағдайда адам папилломасы вирусының (АПВ) ұзақ уақыт сақталатын инфекциясымен байланысты.
🔹 Жатыр денесінің (эндометрий) обыры — жатырдың ішкі шырышты қабатынан дамиды. Белгілерінің бірі — әдеттен тыс қанды бөліністердің пайда болуы.
🔹 Аналық без обыры — ерте кезеңдерінде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Іштің кебуі, жамбас аймағындағы ауырсыну немесе жайсыздық байқалуы ықтимал.
🔹 Вульва обыры — қышу, ашу, терідегі өзгерістер, жаралар немесе тығыздалулар түрінде байқалуы мүмкін.
🔹 Қынап обыры — сирек кездеседі, бірақ дер кезінде анықтауды қажет етеді.
⚠️ Көптеген онкологиялық аурулар бастапқы кезеңдерінде ешқандай айқын белгілерсіз өтуі мүмкін.
Сондықтан профилактикалық тексерулерден уақытылы өту, скринингтік зерттеулерге қатысу, дәрігерге дер кезінде қаралу және АПВ-ға қарсы вакцинация аурудың қаупін төмендетуге және оны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
👩⚕️ Денсаулығыңызды күтіңіз және акушер-гинекологқа баруды кейінге қалдырмаңыз!
🎗️ ГИНЕКОЛОГИЧЕСКИЕ ВИДЫ РАКА: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ
Гинекологические онкологические заболевания — это злокачественные опухоли органов женской репродуктивной системы.
К ним относятся:
🔹 Рак шейки матки — часто связан с длительной инфекцией вирусом папилломы человека (ВПЧ).
🔹 Рак тела матки (эндометрия) — развивается из слизистой оболочки матки. Одним из возможных признаков являются необычные кровянистые выделения.
🔹 Рак яичников — на ранних стадиях может протекать практически без выраженных симптомов. Возможны вздутие живота, боли или дискомфорт в области таза.
🔹 Рак вульвы — может проявляться зудом, жжением, изменениями кожи, появлением язвочек или уплотнений.
🔹 Рак влагалища — встречается реже, но также требует своевременной диагностики.
⚠️ Многие онкологические заболевания на ранних стадиях могут протекать незаметно.